Оқиға Бихар штатының Шығыс Чампаран ауданында орын алды. Пойыз бар жылдамдығымен үш доңғалақты темпоны - моторландырылған көлік құралын соққан. Жергілікті билік хабарлағандай, 18 адам қаза тапты, олардың сегізі - балалар. Сонымен бірге кем дегенде 2 адам жапа шекті.
Алдын ала болжам бойынша, апат тораптағы шлагбаумның жабылмауынан болған.