НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Президентінің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап.
«Алматы обл. Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд автобусқа соқтығысты. Автобуста 67 адам болған. Бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар. Туған-туыстарына көңіл айтамын. Тергеу жұмысы басталды» делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысында жолаушылар пойызы мен автобус соқтығысқанын хабарлаған болатынбыз. Қазіргі сәтте оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр.
Ербол Жанат
Журналистика саласындағы еңбек жолын 2010 жылы бастаған. Kazinform ХАА-да 2014 жылдан бері тілші, шығарушы редактор болып еңбек етті. Қазіргі қызметі - шеф-редактор.