Пойыз билеттерін алыпсатарларға әкімшілік жауапкершілік енгізілмек

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР ИИДМ билетсіз жолаушыларды алып жүру және билет сату тәртібін бұзу ісінің жауапкершілігін қатаңдату үшін заңнамаға түзетулер енгізуді ұсынбақ, деп хабарлайды аталған ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта,билеттерді заңсыз қайта сату «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы»кодекстің 449-бабындағы «қоғамдық орындарда ұстау» бойынша ғана әкімшілікжауапкершілікті көздейді. Басқа жауапкершілік әзірше жоқ.

ҚР ИИДМ тұрақтынегізде қазақстандық тасымалдаушыларға жолаушылар вагондары паркін жаңарту үшінжағдай жасауда. Бұдан басқа, тасымалдаушылар жыл сайын жазғы кезеңде негізгібағыттар бойынша қосымша поездар санын қосады. Сонымен қатар, жолаушыларағымының ұлғаюына байланысты негізгі бағыттар бойынша билеттердің жасандытапшылығы байқалады, бұл ретте оларды сату бойынша заңсыз делдалдар жанданатүседі.

Билеттердіңзаңсыз сатылуына тосқауыл қою үшін осы жылдың наурыз айында ҚР ИИДМ, ҚРСыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі және «ҚТЖ» ҰК« АҚарасында теміржол тасымалдауы саласында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықмәселелерін болдырмау көзделген жол картасына қол қойылды.

Осы құжатқасәйкес, »ҚТЖ «ҰК» АҚ билеттерді сату және жолаушыларды поезғаотырғызу кезінде заңсыз іс-қимылдар жасауды бақылау және шектеу әдістерінқарастыра отырып, билет сататын «Mobius» жүйесін жетілдіру қажет дептапты. Алайда, билеттерді заңсыз сату фактілері жалғасуда.

Сонымен, 28 шілдекүні ҚР ИИДМ Көлік комитеті қоғамдық ұйымдармен және құқық қорғау органдарыменбірлесіп өткізген рейдтер кезінде, Шымкент, Алматы, Нұр-Сұлтан, Атырау жәнеТараз қалаларының вокзалдарында билеттерді жоғары бағамен ұсынатын, сондай-ақбилетсіз қажетті пойызға отырғызуға уәде берген «делдалдардың» болғаныанықталды. Алты адам ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы «қоғамдық орындарда ұстау»бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Анықталғанфактілер бойынша, министрлік «ҚТЖ» ҰК «АҚ» Жолаушылартасымалы« АҚ мен Магистральдық желі дирекциясының лауазымды тұлғаларынақатысты шаралар қабылдау қажеттігін, сондай-ақ билеттерді заңсыз сатуғақатысқан жеке билет кассаларымен шартты бұзу қажеттігін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жазда пойыз билетінің тапшылығын жоюды тапсырған болатын.

«Үкіметке жаз мезгілінде пойыз билеттерінің тапшылығын қолдан жасауды тоқтату туралы тапсырма бердім. Бұл жағдай азаматтарымызға қолайсыздық туғызып, еліміздегі ішкі туризмнің дамуына кедергі келтіріп отыр», деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.




Соңғы жаңалықтар