Оқиға салдарынан 17 ірі қара қырылып қалды, адамдардан ешкім зардап шеккен жоқ. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.
Бельгиялық басылымдардың жазуынша, бірнеше жүздеген жолаушы мінген пойыз теміржолды кесіп өтіп бара жатқан табынмен соқтығысып қалған. Нәтижесінде локомотив рельстен шығып кеткен. Құдай сақтап, жолаушылардан ешкім зардап шекпеген. Бірақ Намюр және Сине қалаларының арасындағы қозғалыс баяулап қалды, себебі пойыздар басқа жолмен жіберіле бастады.
07:57, 05 Сәуір 2011
Пойыз сиырлар табынын қағып кетті
БРЮССЕЛЬ. 5 сәуір. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Дүйсенбі, 4 сәуір күні Бельгияның Намюр қаласының маңында жолаушылар пойызы сиырлар табынын қағып кетті.