JR East компаниясының жүрдек пойызы Фукусима - Синдзё бағытында қатынайды. «Toreiyu» пойызының 6 вагондарының бірінде терезе маңайына 2,4 метрлік ванна орналастырылмақ. Әр ваннаны бір уақытта 4 жолаушы пайдаланады деп күтілуде. Осылайша, халық аяқтарын тазалап, табиғатты тамашалап, жол бойында демала алады.
Пойыз демалыс және мерке күндері жүріп тұрады. Сондықтан оның билеттеріне алдын ала тапсырыс беру қажет, деп жазады Газета.Ru.