22:56, 06 Сәуір 2009
Пойыз жолаушысынан 9 киләдан астам гашиш табылды
АСТАНА. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқппарат – Қарағанды-Сұрыптау стансысындағы желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері «Алматы-Қарағанды» пойызы жолаушыларының бірінен 9 килә 780 грамм гашишті тапты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ көліктегі орталық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел қызмет өкілдері аса ірі көлемдегі осы есірткі затының қайдан пайда болғанын және жеткізілетін жерін анықтау үстінде.Осы қылмыс бойынша іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша оқшаулау абақтысына қамалды, ол 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін.