Пойыз жолсерігі елордаға аса ірі көлемде есірткі тасымалдап келген

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың көлік полициясы аса ірі көлемде есірткі тасымалдаған жолсерікті ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Көлік полициясы департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«9 наурызкүні сағат 6:10-да Көлік полициясы департаментінің қызметкерлері Нұр-Сұлтанқаласының теміржол вокзалында жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында»Қызылорда-Көкшетау« бағытындағы пойыз жолсерігі - Қызылордаоблысының 43 жастағы тұрғынын ұстады. Тергеу соты санкциялаған жеке тінтубарысында аса ірі көлемде есірткі тасымалдағаны үшін алған 80 000 теңге қаражаттабылды. Сәл кейін күдіктісөмкені күтіп алатын адамды іздестірушараларының нәтижесінде, 1982 жылы туған ер адамұсталды. Оның жеке заттарынан сараптамаға сәйкес, 3742 грамм »кептірілгенмарихуана« есірткілік заты табылды», - делінген департаментхабарламасында.

Асаірі көлемде есірткі затын табу фактісі бойынша екі күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарысол күні басталды. Оларға ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы, 4-бөлігі және 297-бабы, 2-бөлігі бойынша айып тағылды.

Тергеу аясында 43 жастағы ер адамның қызметтікөкілеттігін пайдаланып, Қызылорда облысынан елордаға бірнеше рет есірткізаттарын тасығаны анықталды. Нұр-Сұлтанқаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотыныңүкімімен сотталушы ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 4 жылға басбостандығынан айырылды.

Қылмыстық істің екінші фигуранты ҚР ҚК 296-бабы, 4-бөлігі бойынша 3 жылға абақтыға қамалды.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Тальго» пойызында жолаушы әйелді зорлағанекі жолсерік басбостандықтарынан айырылған еді.