«Астана-Ақтөбе» бағытындағы №87/88 жүрдек пойызы діттеген жерге жеткеннен кейін №16 вагонның жолсерігі Ержан Арденов купеден матрас астынан шамамен 2 млн. теңге, банк картасы және басқа да заттар салынған барсетка тауып алған. Осыдан кейін пойыз бастығымен бірге акті жасалып, барсетка ішіндегі заттарымен бірге иесіне қайтарылды», - делінген «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Компания ақпаратына қарағанда, әдетте пойыз жолаушылары ақшалары мен құжаттарынен бөлек, ұялы телефон, ноутбук, сағат сынды бағалы заттарын да ұмыт қалдырады. Мәселен, осы жылдың басынан бері өңірлік филиалдардың жолсеріктері 18 азаматтың бағалы заттары мен құжаттарын қайтарып берген.
«Жолаушыларды, жүк пен жүк багаждарын тасымалдау ережесіне сәйкес пойыз бригадасы жолаушылардың жеке мүліктерінің сақталуы үшін жауапты емес. Сондықтан вагоннан шығар кезінде барынша мұқият болуды өтінеміз», - деді компаниядан.