Пойыз жүк көлігін соғып, екі адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Мэнсфилд қаласы аумағындағы (Массачусетс штаты) теміржол өткелінде жолаушылар пойызының жүк көлігін қағып кетуі салдарынан екі адам қаза тапты.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, көлік дер кезінде өткелден өтіп үлгере алмаған. Оны қатты жылдамдықпен келе жатқан күйі 180 жолаушысы бар пойыз соққан. Соққының салдарынан Вашингтоннан шығып Бостонға бағыт алған құрама рельстен шығып кеткен.

Жүк көлігінің жүргізушісі мен қасындағы жолаушы мерт болды. Пойыздағылар зардап шеккен жоқ.