Пойызбен заңсыз алкоголь тасыған Өзбекстан азаматшасы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Полиция шекарадан заңсыз алкоголь партиясын алып өтпек болған Өзбекстан азаматшасын ұстады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР ІІМ көліктегі ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Нөкіс-Бейнеу бағытындағы пойызбен келе жатқан Өзбекстан Республикасының азаматшасын тексеру барысында, оның қол сөмкесінен көлемі 0,5 литрлік 48 бөтелке алкоголь өнімі табылған»,-деп жазылған хабарламада.

Ұсталған азаматшаның айтуынша, алкоголь өнімдерін ол Қазақстанға сату мақсатында Өзбекстаннан әкеле жатқан.

Көліктегі полицейлер аталған іс бойынша хаттама толтырды.