Пойызда бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге үкім шығарылды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қылмысөткен жылдың аяғында болған. Әйел астанадағы ғылыми конференцияға қатысып,туған қаласына келе жатқан. Күдіктілер жымысқы әрекетін іске асырған кездепойыз Қостанай облысының Таран ауданы аумағында болғандықтан, іс Таран аудандықсотында қаралды.

Елдішулатқан іске бүгін нүкте қойылды. Қостанайдың №2 қалалық сотында судьяСатыбалды Оразбай бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманиязов пен ЖетесҮмбетәлиевке шығарылған үкімді оқыды.

«ЖетесҮмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовқа қатысты істі қарап, олар 120-баптың1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын және олардың әрбіріне 2 жыл 6 ай мерзімгебас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесініңқауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауғаалынсын», - деген шешімді оқыды судья.

Бұдантыс, сотталушылардың әрбірі 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ процестікшығындар үшін мемлекетке әрбірі 717 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Ескесала кетейік, «НеМолчиKZ» қоғамдық қорының басшысы Дина Смаилованың Facebookпарақшасында жазуынша, 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында бойжеткен«Тальго» пойызының купесіне отырады. Купе ішінде бір ер адам болған. Заттарынқойып, пойыз мейрамханасының асханасынан тамақтанып келнен кезінде купе ішіндеарнайы форма кимеген жолсерік отырады. Ол әуелгі ер адамды басқа купегеауыстырып жібергенін айтады. Қыз ұйқысы келгенін түсіндіріп, жолсеріктенкупеден шығуын өтінеді. Сыра ішіп отырған жолсерік тек жарты сағаттан соң шығыпкеткен. Алайда таңғы сағат 04:00 шамасында жолсерік бойжеткен жатқан купеге өзкілті арқылы ашып кіреді. Мұнан соң арам ойын іске асырады. Ізінше екіншіжолсерік те келіп, бойжеткенді зорлаған.

Соңғы жаңалықтар