Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін 14 447 құқық бұзушыны, оның ішінде жекелеген қоғамдық орындарда темекі шегуге тыйым салуды бұзғаны үшін 303 құқық бұзушыны әкімшілік жауапқа тартты.
«Мәселен, биылғы жылдың 20 сәуірінде Петропавл станциясындағы Желілік полиция бөлімінің қызметкерлері «Петропавл – Қызылорда» бағытындағы жолаушылар пойызының тамбурында темекі шеккен екі ер адамды анықтады. Тексеру барысында олар 1962 және 1992 жылы туған Ресей мен Өзбекстанның азаматтары екендігі анықталды.
Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабының 1-бөлігі (ҚР заңнамасымен белгіленген орындарда темекі өнімдерін тұтынуға тыйым салуды бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, әрқайсысына 45 945 теңге сомасында 15 АЕК айыппұл салынды»,-делінген хабарламада.