Түрксіб станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері рейд барысында «Бішкек-Самара» пойызының жолаушысынан Қазақстан аумағында тыйым салынған діни әдебиетті сақтау және тасымалдау фактісін анықтады.
Әдебиет Қырғызстан Республикасының 19 жастағы азаматынан табылды.
Діни сараптама әдебиеттің Қазақстан аумағында тыйым салынғанын көрсетті.
Меркі ауданы мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен жоғарыда аталған азамат ҚР ӘҚБтК 453-бабының 4-бөлігі бойынша 100 АЕК (306 300 тг) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.