Тексеру нәтижесінде «Қарағанды-Балқаш» бағытындағы № 606 пойызында ауадағы көмірқышқыл газының шамадан тыс артқандығы анықталды. Бұдан өзге, сумен жабдықтау жүйесіне дезинфекция жүргізілмеген және жалпы өндірістік бақылау жасалмаған.
Осыған ұқсас санитарлық талаптарды бұзу әрекеттері №630 «Балқаш-Жезқазаған», №6877 «Балқаш-Мойынты» және №6880 «Балқаш-Саяқ» бағытындағы пойыздарда да кездесті. Анықталған санитарлық талаптарды бұзу әрекеттерін негізге ала отырып, Қарағандының мамандандырылған әкімшілік сотына әкімшілік материалдар жолданды.
«Сот «Қала маңына тасымалдау»АҚ-ын 840 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу түріндегі әкімшілік жауапқа тартты», - деп хабарлады сот кеңсесі.