Темір стансысында дөңгелегіндегі ақаулар салдарынан «Маңғышлақ-Астана» бағытымен бет алып келе жатқан №37 жолаушылар пойызы (14 вагоннан құралған) тоқтауға мәжбүр болды.
ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, пойыз кестесінен 3 сағат 26 минутқа кешікті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын қандыағаш стансынының бригадасы (15 адам) жүзеге асырды.