Пполиция банк есеп-шотынан ақша жымқырған алаяқтардан сақ болуды ескертеді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті банк қызметкері ретінде хабарласып ақша жымқыратын алаяқтардан сақтану керектігін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта департаментке 14 адам шағымданған. Осы істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

«Қазақстанның банктерінен хабарласқан «қызметкермін» деп жеке мәліметтерді сұрап, есеп-шоттан ақша ұрлау жиілеп кетті. Бағдарламаның көсмегімен банктердің колл-орталықтарының нөмірлерін сәйкестендіріп (8-8000-800-819,  8-7272-58-35-55, 8-8000-8000-59) сол нөмірден банк картасының иесіне қоңырау шалады. Жалған сылтаумен алдау арқылы картаның мәліметтерін және бірреттік құпиясөзін алып есеп-шоттан ақша жымқырады», делінген хабарламада.

Полицейлер сақ болуды осындай жолмен хабарласқандарға реквизвиттерді бермеу керектігін ескертеді. Өйткені банкт қызметкерлері ещқашан дербес мәліметтерді сұрамайды.

Департамент осындай алаяқтықтан зардап шеккендер болса 8(7172)71-63-35, 71-62-91 немесе 102 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.