Прага әуежайында 2 әуе лайнері соқтығысты, олар: Lufthansa әуе компаниясына тиесілі Airbus A321 мен түріктің Sun Express әуе компаниясының Boeing 737-800 ұшақтары.
Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.
Қазіргі уақытта кішігірім ғана бүлінген ұшақтар жөндеуге жіберілді. Чехияның авиация басшылары орын алған оқиғаның жай-жапсарын анықтау үстінде. Прага халықаралық әуежайы қазір қалыпты режимде жұмыс атқаруда.