Прагада алдағы ҚР Президенті сайлауына қатысты брифинг өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше, 14 сәуірде Қазақстанның Чехиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Қазақстан Республикасында өтетін кезектен тыс президенттік сайлауға қатысты елдің БАҚ өкілдеріне арнайы брифинг өткізді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Сөз басында С. Әбдікәрімов брифинг қатысушыларын сайлау үдерісінің басталу тарихымен, Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен, сайлауға дайындықтың барысымен, соның ішінде көптеген халықаралық бақылаушылар мен журналистердің тіркелу үрдісімен толық таныстырып өтті. Елші Қазақстанда демократияны дамытудың және азаматтардың сайлау құқықтарын сақтаудың маңызды шарты ретінде сайлау үрдісі барысында халықаралық бақылау институтын қамтамасыз ету болып табылатындығын ерекше тоқталып кетті.

С. Әбдікәрімов: «Қазақстан мемлекеттік құрылыс негізіндегі демократиялық даму қағидаларына жүгінеді», деп атап өтті. Қазақстан либералдық саяси жүйені және негізгі азаматтық институттарды құрып, демократиялық құндылықтарды енгізіп, қысқа уақытта күрделі кезеңді басынан өткізді. Қазақстан өз нәтижелерін бағалайды және еуропалық елдердің, соның ішінде Чехияның да, бай тәжірибесі негізінде кезең-кезеңмен жаңартуды жалғастыруға ниет білдіреді.

Елші, сонымен қатар, Қазақстан дамуының жаңа күрделі кезеңіне өткенін айтты. Атап айтқанда, экономикалық факторлар қысымының өсімі, мұнай бағасының төмендеуі, санкциялық қарсылықтар, аймақтағы тұрақсыздық, Халықаралық коалиция күштерінің Ауғанстаннан шығуы атап өтілді. Елімізді де, бүкіл өңірді де алда біраз сынақтар күтуде, дегенмен, Қазақстанның қазіргі заман қатерлері туралы түсінігі, айқын жоспары мен оларды еңсеру үшін тиісті қорлар бар.

Ү.ж. 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президенттік сайлау ұзақ мерзімді міндеттерді жүзеге асыруға, келеңсіз сыртқы факторларды жеңу үшін белсенді жұмыс істеуге, көзделген жоспарларды жүзеге асыруға және халық өмірінің деңгейін көтеруге мүмкіндік береді.

Дипломат Қазақстан Президенттігіне кандидаттардың ұсынған сайлау алдындағы бағдарламаларының негізгі жағдайларына ерекше көңіл бөлді.

Брифинг барысында С. Әбдікәрімов Елбасының «Нұрлы жол» Қазақстан халқына жолдауын жүзеге асыруға, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20-жылдығына, Қазақ хандығының 550-жылдығына, Астана экономикалық форумының дайындығына, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезіне және «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмеге қатысты сауалдарына жауап берді.