деп хабарлайды ҚазАқпарат сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда ынтымақтастығының келешегін талқылады, сауда қарым-қатынастарының өсу динамикасын атап өтті.
Сондай-ақ алдағы күзде өтетін Қазақстан-Чех үкіметаралық комиссиясының мәжілісі мен осынау мәжіліс аясында жоспарланған екі елдің іскер топ өкілдерінің қатысуымен өтетін форумға айрықша назар аударылды.
М.Говорка Қазақстан мен Чехияның арасындағы экономикалық байланыстарды дамытудағы әлеуеттің мол екенін және чех бизнесінің қазақстандық нарықта жұмыс істеуге деген ықыласының зор екенін жеткізді.