Қазақстан киносы чех көрермендерін қазақстандық киноматографияның жетістіктерімен және қазақ мәденитімен таныстыру үшін бағыталған. Шара барысында Қазақфильм соңғы төрт жылда түсірілген бес көркем фильм көрсетіледі: жастар үшін әйгілі Фархад Шәріповтің "Қызғылт қоян туралы аңыз", үлкендер үшін қазақ ұлттық дәстүрлері бар Досхан Жолжаксынов пен Рымбек Әлпиевтің «Біржан Сал» киносы, қазіргі заманғы Қуат Ахметовтың «Кімсіз Ка мырза?» шытырман киносы және Сатыбалды Нұрымбетовтың «Мұстафа Шоқай» тарихи драмасы. Жас көрмендер Сәбит Құрманбетовтың «Секер» киносын тамашалайды. Барлық кинолар ағылшын және чех субтитрлармен қөрсетіледі.
«Қазақстан киносының Чехиядағы күндерінің» бірінші күні өткен ресми ашылу рәсімінде Чехиядағы ҚР Елшісі А.Қарашев және атақты чех кинорежисері әрі киносыншысы З.Трошка сөз сөйледі. Аталған шарада чех кинематографиясының, мемлекеттік органдардың, Прагада тіркелген дипломатиялық корпустың және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Осы күні Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы Елшілігінің атынан ресми қабылдау ұйымдастырылды.