Прагада ТМД елдерінің кинофестивалі ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 27-сі. ҚазАқпарат - Прагада ТМД елдерінің Қазіргі заманғы фильмдерінің фестивалі ашылды,

деп хабарлайды «Маяк» радиосы.

Достастық елдерінің жетекші киноөнер шеберлерінің туындыларын таныстыру үшін көрермендерге чех елордасындағы ең танымал кинотеатрлардың бірі - «Светзар» залдары беріліп отыр.

Биылғы шараның бұған дейінгі Прага фестивальдерінен айырмашылығы, ол Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған және көрермендерді Ресей, Украина, Қазақстан және Арменияның дарынды режиссерлерінің туындыларымен таныстырады.