«Праганың «Рузине» әуежайының ескі бөлігіне Канар аралдарынан Варшаваға бет алған Boeing 737-800 ұшағына жарылыс қаупіне орай еріксіз қонуға тура келді.
Полиция оқиға орнында күдіктіні атып өлтірді»,-делінген республикалық телеарна хабарламасында.
ІІМ басшысы Милан Хованецтің сөзіне қарағанда, ұшақтағы 160 жолаушының бәрі аман-есен эвакуацияланды, қазіргі уақытта олар тексеруден өтіп жатыр. Полиция тергеуді бастады.