Прагада жағажай волейболынан Әлемдік турдың кезекті кезеңдік сайысы басталды

АЛМАТЫ. Маусымның 15-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/- Бүгін Чехияның Прага қаласында жағажай волейболынан ерлер арасындағы Әлемдік турдың SWATCH FIVB кезекті кезеңдік сайысы басталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Волейбол федерациясына сілтеме жасап.

Жүлде қоры 190 мың АҚШ долларын құрайтын бұл жарыстың ертең іріктеу сыны өтеді. Онда ел намысын бұл жолы 3 жұп қорғамақ. Олар Александр Дьяченко мен Алексей Сидоренко, Алексей Кулинич пен Дмитрий Яковлев және Алексей Кулешов пен Александр Бабичев. Іріктеу сайысынан сүрінбей өткендер 17-сі күні негізгі 32-ліктің, 18-і күні 22-ліктің қатарында өнер көрсетеді.Одан кейін сенбі күні ширек және жартылай сын, ал жексенбіде ақтық сайыс болады.