Прагадағы ресторан, пәтер, Дубайдағы вилла: Нұрлан Тілеубаевтың тағы біраз мүлкі бұғатталды

Қаржылық мониторинг агенттігі «Delta Bank» АҚ ісіне қатысты тергеуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Kazinform.

Фото: forbes.kz

2012-2017 жылдар аралығында Нұрлан Тілеубаев қайтарылмайтын несие беру арқылы банктен қаражат алып шығарған.

Тергеу барысында Н.Тілеубаев пен оның туыстарына тиесілі мүлік анықталып, оған тыйым салу жөнінде санкция берілді.

Оның ішінде Чехияның Прага қаласында орналасқан элиталық мейрамхана, төрт бөлмелі пәтер және 3 компаниядағы 100% акциялары, сондай-ақ БАӘ-дегі құны шамамен $5 млн болатын Palm Jumeirah орналасқан вилла бар.

Сонымен қатар, Латвиямен ынтымақтастық аясында халықаралық тергеу кепілдігін жіберу арқылы Латвияда орналасқан «Вентспилс астық терминалының» 100% үлесін қамауға алу санкцияланды. 

Бұл ретте Н.Тілеубаевқа тиесілі 5 қант зауыты мен 58 нысан Проблемалық несие қорына берілді.

Сот үкімімен Н.Тілеубаев 10 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Қазіргі уақытта Н.Тлеубаевтың және оның компанияларының заңсыз қызметінің құрбандары - «ҚазИнвестБанк» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және «БЖЗҚ» АҚ. 

Қаржылық мониторинг агенттігі активтерді іздеу және қайтару бойынша жұмысты жалғастырып жатыр.