Прагадағы Палестина елшілігінен тағы 1 жарылғыш құрылғы табылды

АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Прагадағы Палестина Елшілігінде мина қойылған сейф жарылып, елші қаза тапқан болатын. Сондай-ақ ғимараттан тағы бір жарылғыш құрылғы табылды, деп хабарлады Утро.ру.

Таратылған ақпаратқа қарағанда, жарылғыш құрылғы Прагадағы Криминология институтына сараптамаға жіберілді. Оқиғаның мән-жайы толығымен жария етілмей отыр.