Ержүрек азаматты "Ажалдан құтқарғаны үшін" медаліне ұсынбақ, деп хабарлады РИА Новости ФҚҚ Қоғаммен байланыс орталығына сілтеме жасап.
Мекеменің хабарлауынша, 4 қаңтар күні Пузанов өз көлігімен Владивосток көшелерінен өтіп бара жатып, жеке балабақшалар орналасқан коттедждің өртке оранғанын көреді. Прапорщик алты бала мен ес-түссіз жатқан тәрбиеші әйелді құтқарып қалды, балалардың ең кішісі екі жаста.
Жеңіл киінген балаларды Пузанов өз көлігіне отырғызып, көршілес үйдің тұрғындарына тапсырды.