КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев primaries.kz мобильдік қосымшасы арқылы дауыс берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі партия филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы бойынша 827 праймеризге қатысушы тіркеліп, ең лайықты тұлғалар үшін 36 мыңнан астам партия мүшесі дауыс беруде.
Үгіт-насихат жұмысы кезінде праймериз кандидаттарына мыңнан астам ұсыныс пікірлер келіп түскен.
Айта кетейік, Nur Otan праймеризі партия лидері, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен еліміздің партиялық-саяси даму тарихында тұңғыш рет республикалық партияішілік сайлау ауқымында өтіп жатыр.
Аслан Оспанов
М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде оқыған. Мақалалары республикалық, облыстық және қалалық газеттерде жиі жарияланып келді. «Қазақстан» РТРК» акционерлік қоғамының Ақмола облыстық филиалында, «Арқа ажары» газетінде қызмет атқарды. 2014 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.