ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат –Шығыс Қазақстан облысындағы «Ара» балабақшасының директоры және «Nur Otan» праймеризіне Глубокое ауданынан қатысушы Нұргүл Мусина науқан жайлы өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус пандемиясына байланысты сайлау процедурасына енгізілген өзгерістер әсте дұрыс. Онлайн дауыс беру ыңғайлы әрі қауіпсіз.
«Біріншіден, сайлау ашық өтеді. Осының нәтижесінде көпшіліктің сайлау туралы пікірі өзгереді. Екіншіден, праймериз – бұл елдің қоғамдық-саяси дамуындағы жаңа үдеріс. Партия жаңа идеялармен, жаңа көзқарастармен толығады», - дейді Нұргүл Мусина.
Талғатжан Мұхаметбекұлы
Өскемендегі С.Аманжолов атындағы ШҚУ-ды "Журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 2015 жылы ШҚО "Алдаспан" газетінде тілші болып бастады. ШҚО "Менің өлкем" газетінде тілші, республикалық "Жас қазақ", "Заң" газеттерінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша меншікті тілші, ШҚО "Менің өлкем" газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Kazinform агенттігінде 2021 жылдан бері жұмыс істеп келеді.