АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3-туры мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін «Мақтарал» өз алаңында «Атырауға» 0:1 есебімен жол берді. Кездесуде атыраулық клубтан Евгений Козлов мергендік танытты.
Ал «Оқжетпес» өз алаңында «Қызылжарға» 0:1 есебімен жол берді. Ойын барысында петропавлдық клубтан Лука Имнадзе сооқан гол кездесу тағдырын шешті.
14 наурызда «Астана» «Ақтөбеге» 1:4, есебімен жол берсе, «Қайсар» мен «Ақсу» 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Сондай-ақ «Ордабасы «Жетісуды» 2:0, «Тобыл» «Шахтерді» 2:1, «Қайрат» «Каспийді» 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Енді 4-тур ойындары 1 және 2 сәуір күндеріне белгіленген.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.