Кездесуде гол салатын мүмкіндіктер өте аз болды. Ал үзілістен соң павлодарлықтардың қатарындағы Милош Стаменкович ойыннан шеттетіліп, алаң иелерінің жеңіске деген мүмкіндіктері азая түсті.
Енді «Ертіс» командасы 36 ұпаймен 4-ші орында тұр. Ал «Қайсар» 28 ұпаймен 6-шы орынға тұрақтады.
«Ертіс» - «Қайсар» 0:0.