АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Премьер-лигасының 18-ші турының үш ойыны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.
Астана уақытымен сағат 18:00-де «Жетісу» - «Қызылжар» кездесуі, 19:00-де «Каспий» - «Ақсу» ойыны басталып, ойын күні сағат 21:00-де «Шахтер» - «Атырау» жекпе-жегімен аяқталады.
Матчтарды Qazsport және Q Sport League телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.
18:00 - «Жетісу» - «Қызылжар» (мәтіндік хабар)
19:00 - «Каспий» – «Ақсу» (мәтіндік хабар)
21:00 - «Шахтер» - «Атырау» (мәтіндік хабар)
Асхат Райқұл
М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 15 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған.
2022 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің шығарушы редакторы.