Премьер-министр 2 күн қызмет жасап, отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Йемен премьер-министрі Ахмед Авад бен Мүбарак өзінің отставкаға кететінін жариялады. Бұл туралы бейсенбі күні Agence France-Presse хабарлады.

Ахмед Авад бен Мүбарак үкімет басшысы болып 7 қазан күні ғана сайланған еді. Бұған дейін ол Йемен президентінің кеңсе басшысы болып қызмет атқарған болатын, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.