Премьер-Министр «Ақтөбе Орталық» ЖШС көлік-логистикалық орталығының құрылысымен танысты
Бүгінгі таңда Батыс Қазақстанда аталмыш жоба көлемі жағынан баламасы жоқ және ол жалпы ауданы 12,4 мың шаршы метрді құрайтын «А» санатындағы 3 терминалдан тұрады. Қойма терминалдары өндірісті нақты мерзім режимінде басқаруға мүмкіндік беретін заманауи қойма жабдықтарын қолдана отырып, түрлі тауарларды қабылдауға, сақтауға, іріктеу мен тиеуге арналған.
Жоба «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізінің көліктік-логистикалық жүйесінің қызмет көрсету схемасына енгізілген. Құны - 27,4 миллион АҚШ долларын құрайды, оның ішінде 14,5 миллион доллар - «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының қаржысы болса, 12,9 миллион доллары - компанияның өз қаржысы. Орталықтың қуаты - 17,8 мың паллеторын.
Жобаны жүзеге асыру барысында 800-ден астам жаңа жұмыс орны құрылады. Құрылысты 2010 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланған.