Премьер-Министр Ақтөбеге жұмыс сапарымен келеді
09:25, 20 Желтоқсан 2009
АҚТӨБЕ. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Бүгін Ақтөбеге жұмыс бабындағы сапармен Премьер-Министр Кәрім Мәсімов келеді.
Сапар бағдарламасында - «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша салынған және ауысымда 500 адам қабылдай алатын емхананың ашылуы, «Ақтөбеқұрылысиндустрия» акционерлік қоғамы зауытының ашылуы, көлік-логистикалық орталығының құрылысы барысымен танысу, 360 орындық орта мектептің, 60 орындық жекеменшік балабақшаның, «Мега-Ақтөбе» ойын-сауық орталығының ашылу рәсімдері, т.б. іс-шаралар жоспарланып отыр.