Премьер-Министр ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге құжаттық түгендеу жасауды тапсырды

None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Жер ресурстарын басқару агенттігінің бүгінгі алқа мәжілісінде облыс әкімдіктерімен бірлесе отырып ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге құжаттық түгендеу жасауды тапсырды.

Мұнымен қоса К. Мәсімов 2012 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің инвентаризациясы мәселесін қарастыруды тапсырды. Ал Қаржы министрлігіне 2011 жылдың бюджетін нақтылау кезінде бұл мақсаттарға қаржы қарастыруды жүктеді. «Ауыл шаруашылығындағы мал жайылымдарына ерекше назар аудару керек. Қазіргі кезде ауқымды бағдарламаны бастаймыз»,-деп атап өтті Үкімет басшысы.

Айта кетейік, «ҚазАгро» холдингі Қазақстанда ірі қара етінің экспорттық әлеуетін дамыту жобасын әзірледі. Аталған жоба аясында еліміздегі етті мал шаруашылығын дамытып, жайылымдарды қалпына келтіру шаралары қолға алынады.