Премьер-Министр Бәсекелестікті қорғау агенттігіне Қазақстандағы цемент бағасын бақылауды тапсырды

ң 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкіметтің селекторлық кеңесінде Премьер-Министр Кәрім Мәсімов Бәсекелестікті қорғау агенттігіне Қазақстандағы цементтің бағасын бақылауға алуды тапсырды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Цементтің бағасына қатысты қандай да бір қарама-қайшы дабылдар туындайтын болса, мені хабардар етіңіздер. Бұл мәселені бақылауға алыңыздар», деді Үкімет басшысы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің төрағасы Мәжит Есенбаев пен ҚР Құрылысшылар қауымдастығының төрағасы Айдын Рахымбаевқа қаратып айтқан сөзінде.

 Өз кезегінде М. Есенбаев Премьер-Министрдің тапсырмасына сәйкес, Бәсекелестікті қорғау агенттігі Құрысшылар қауымдастығымен, ірі цемент өндірушілермен, «Жол картасы» аясында, сондай-ақ үлескерлердің проблемасын шешу  аясында жұмысты орындап жатқан мердігерлермен бірге цемент бағасының өсіміне қатысты проблеманы талқылағандарын  айтты. «Сіз тапсырған мәселелерді біз сол кеңестің аясында шештік. Оның бәрін хаттамаға түсірдік. Цементтің көлемі, бағасы жөнінде хаттама бар. Міндеттемелер орындалуы үшін жағдайға мониторинг жасайтын, бақылап отыратын боламыз», деді М. Есенбаев.