деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазір инвентаризация жүруде. Біз меншігімізде қандай дүниелердің барын және одан әрі қалай жұмыс істеу керектігін айқын түсінуіміз үшін Сіздер Қаржы министрлігімен бірлесіп осы жұмысты аяғына дейін жеткізуге тиіссіздер», деді алқада К. Мәсімов.
Өз кезегінде Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев Мемлекет басшысының 2008 жылғы наурыздың 4-де берген «Байқоңыр» ғарыш айлағын біртіндеп Қазақстанға қайтаруға қатысты тапсырмасының саланы дамытуда ұзақмерзімді маңызы барын атап өтті.