Кездесу барысында қаржы ұйымдарының өкілдері ел экономикасындағы жағда йға қатысты өз пікірлерімен бөлісті және бірлесіп шешуді талап ететін проблемалы мәселелерді белгіледі.
Сондай-ақ тараптар қаржы тұрақтылығын қолдау, кәсіпкерлікті қолдау бағдарламалары аясында мемлекеттік ресурстарды тиімді пайдалану мәселелерін талқылап, экономика және банк секторының ағымдағы жағдайы туралы пікір алмасты.