«Бағалардың өсуіне жол бермеу үшін Үкімет Ұлттық банкпен және «Атамекен» кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, инфляцияны бақылау және төмендету бойынша жаңа шаралар кешенін қабылдады және іске асыруда. Осы жылы «Бизнестің жол картасы -2025» бағдарламасын қаржыландыру, оның ішінде субсидиялау мен кредиттерге кепілдік беру ұлғайтылады. Бизнеске шамадан тыс әкімшілік жүктемені жою көзделіп отыр. Мемлекеттік органдардың реттеушілік актілері қайта қаралады», -деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ ол ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы шараларға тоқталды.
«Биыл «Ауыл – ел бесігі» өңірлерді дамытудың кешенді жоспарлары және басқа да бағдарламалар аясында республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлінеді», -деді Әлихан Смайылов.