«Бүгін Үкіметте қабылданатын бағдарлама «Жол картасы» аясында реттелетін болады. Осы орайда оны орындау бойынша жүйелі қадағалау - өте маңызды», - деді Үкімет басшысы.
Бұл тұрғыда С. Ахметов бағдарламаны жүзеге асыру бойынша тоқсан сайынғы бақылау мен есеп жүргізуді ұйымдастыруды жүктеді. «Біз Үкіметте есепті тыңдау бойынша тиісті жүйені айқындайтын боламыз», - деп нақтылап өтті С. Ахметов.
Сонымен қатар Премьер-Министр энергия үнемдеу саласында үздік кәсіпорындарды анықтау үшін байқаулар өткізу бойынша тиісті жұмыстарды жүргізуді тапсырды.