Кездесу барысында мұнай-газ саласында, соның ішінде Теңіз және Қашаған кен орындарын игеру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру аясындағы ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары мен өзекті мәселелері талқыланды.
ҚР Энергетика министрлігінің деректері бойынша, биыл Қашағанда 12,9 миллионға жуық тонна мұнай және 8 млрд текше метр газ өндіру көзделген. Реконструкция жұмыстарынан кейін кен орнында тәулігіне 70 мың баррель деңгейінен бастап өндіру қайта жаңартылды. Көлемді біртіндеп арттыруды ескере отырып, таяу перспективада күнделікті көлем 370-400 мың баррель мұнайға жетеді.
Сондай-ақ, Теңіз кен орнының нысандарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бұған қоса, Хазар кен орнымен бірге Қаламқас теңіз кен орнын игеру мәселесі пысықталуда.
Кездесу барысында «ExxonMobil»-дың Қазақстанның маңызды серіктесі екені аталып өтті, компаниямен тығыз ынтымақтастық еліміздің мұнай саласын дамытуға ықпал етеді.