Кездесу барысында ҚР-ның ЭЫДҰ-мен ынтымақтастығының Елдік бағдарламасы аясында Ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне қосылу және Қазақстанда салық саласындағы ЭЫДҰ стандарттарын енгізу мәселелері талқыланды.
Анықтама: 2012 жылы Қазақстан Ашықтық және ақпарат алмасу жөніндегі жаһандық форумның мүшесі болды және бүгінде еліміз ашықтық пен ақпарат алмасу стандарттарын енгізу бойынша алқалы шолудан өтуде.
2014 жылы Қазақстан Салық істері бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенцияға қосылды, оның аясында салық саласында ақпаратпен алмасу жұмыстары жүргізіледі.