деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі қауіпсіздік қызметі арқылы жемқорлықпен күрес мәселесін жүргізіңіздер. Себебі, бұл салада ондай мәселе бар»,-деді Үкімет басшысы Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовке қаратып айтқан сөзінде.
Премьер-Министр қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін, сондай-ақ ұялы телефонды пайдалану фактілері бойынша азаматтардың жол полициясы қызметкерлеріне хаттаманы толтырмас үшін пара беретінін, ал бұндай заңсыз әрекеттердің жолын кесу керектігін айтып өтті.