Премьер-Министр Индустрияландыру картасына енгізілген және Бизнестің жол картасы аясында жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарды тексеруге мораторий жариялауды қолдайды
Үкімет басшысының пікірінше, мұны Мемлекет басшысының Жарлығының жобасы формасындағы арнайы жоспарда қарастыру керек. Мұндай идеяны қолдайтынын және оны Мемлекет басшысының қарауына ұсынатынын айтқан Премьер-Министр «Мен индустрияландыру картасына енгізілген және Бизнестің жол картасы аясында жұмыс істеп жатқан кез келген кәсіпорынды тексеруге мораторий жариялау керек деген идеяны қолдаймын, ол өте дұрыс. Мұны жоғарыда айтқан Жарлықта қарастыру керек, сонымен қатар заңнамада да бұл мәселені қалай істеу керектігін қарастыру қажет», деді.
Үкімет басшысы Әділет министрлігіне бүгінгі күнде алға қойылып отырған мәселелерді шешу үшін құқық қорғау органдарын реформалау жөніндегі комиссияға ұсыныстар енгізуді тапсырды. «Барлығы Индустрияландыруды дамытуға және кәсіпкерлікті дамытуға бағындырылуы тиіс. Барлық бақылаушы және құқық қорғау органдары жоғарыда айтылған кәсіпорындардан аулақ жүрулері тиіс», деді К. Мәсімов.