Премьер-Министр ірі мұнай жобаларындағы отандық қамтылым жөнінде кеңес өткізді

Фото: None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жұмыс сапарымен жүрген ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ірі мұнай жобаларындағы отандық қамтылымға қатысты және мұнай-газ саласындағы машина жасауды дамыту жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеңесті ашқанҮкімет басшысы ірі жобалардағы операторлардың сатып алуларындағы жергіліктіқамтудың үлесі өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Жергілікті қамтылымдыдамытуға қатысты нақты тауарлар бойынша алсақ ол жеткілікті көлемде пайдаланылмайкеледі. Тауарлар сатып алуда жергілікті қамту Теңіз кенішінде 5%, Қарашығанақта12%, Солтүстік Каспий жобасында 27,3% ғана. Бұл жағдай іс жүзіндегі шаралардықажет етеді, бұл жоба операторлары тарапына да қатысты», - деді Асқар Мамин.

Премьер-Министр жиынғақатысушылардың назарын құрал-жабдықтарды Қазақстанда өндіруге аударды.

«Мемлекеттікоргандар ірі жобаларға тауар, жұмыс және қызмет сатып алуларда жергілікті тауарөндірушілердің тең дәрежеде қатысуына жағдай жасауы керек. Энергетика,Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктеріне сәйкесінше мемлекеттікоргандармен осы міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті шараларды қабылдаудытапсырамын. Оның ішінде заңнамалық тұстары да бар», - деді Премьер-Министр.

Отандық қамтылым менмұнай-газ саласындағы машина жасауға қатысты мәселелерді талқылауға арналғанжиынға бірқатар министр мен «Теңізшевройл» ЖШС, NCOC, «Қарашығанақ ПетролиумОперейтинг», еліміздегі мұнай операцияларын жүргізетін компаниялардың басшыларықатысты.


Авторы А.Соколов

Соңғы жаңалықтар