"Ел премьері Наото Кан сәрсенбі күні өткен үкіметтің төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабының мәжілісінде білім және ғылым министрлігіне, полицияға және азаматтық қорғаныс күштеріне осындай тапсырма берді", - деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агенттігі.
Кан сондай-ақ өнеркәсіп министрлігіне радиацияның қауіпсіз және қауіпсіздік деңгейлері туралы нақты мәліметтерді дайындап, оларды халықтың назарына жеткізуді міндеттеді.
Үкімет басшысы өз сөзінде, «атом стансасынан 20-30 шақырым радиустағы аудандардың тұрғындарына шұғыл көмектесу шараларын» қабылдау қажеттілігін баса атап көрсетті. Оның айтуынша, 11 наурызда болған жойқын зілзала мен цунамиден кейінгі 5 күннің ішінде 26 мыңнан астам адам құтқарылған. Премьер сондай-ақ зардап шеккен аудандардағы халыққа азық-түлік, ауыз су және отын жеткізу жөніндегі көлік қызметтерінің жұмыстарын күшейтуге уәде берді.