деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Мен республикамызда жұмыс істеп жатқан шетелдік компаниялар өз ресурстарының бір бөлігін Қазақстан Республикасының аумағында ұстағанды жақтаушымын», деді К. Мәсімов бүгін Астанада отандық және шетелдік іскер топтар өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде.
Үкімет басшысы «бұл адал әрі әділетті позиция» болып табылатынын атап көрсетті. «Әзірге бұл заң емес, тек тілек. Біз бұл бойынша жұмыс істейтін боламыз. Мен мұны дұрыс деп есептеймін», деді ол.