«Конституцияға сәйкес, Парламент жаңадан айланғаннан Үкімет өз өкілеттігін тоқтатады. Біз отставкаға кетеміз. Бірақ жаңа үкімет құрылғанға дейін міндетімізді атқара береміз. Жаңа Премьер-Министр кім болатынын Президент пен жаңа Мәжіліс шешеді. Әрине, біз кез келген өзгерістерге және еліміз үшін жұмыс істеуге дайынбыз», - деді Әлихан Смайылов сайлауда дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына бере тұрып.
Айта кетсек, Премьер-Министр Әлихан Смайылов елордадағы №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.