Премьер-Министр «Қорғас-Жетіген» теміржолының құрылысын шапшаңдатуды тапсырды

аусымның 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов «Қорғас-Жетіген» теміржолының құрылысын шапшаңдатуды тапсырды.

«Қытай Халық Республикасының Төрағасы Ху Цзиньтаоның Қазақстанға сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен «Қорғас-Жетіген» теміржолының құрылысын шапшаңдатуға және Қорғас өңірегіндегі инфрақұрылымға ресурстар бөлу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді», деді отырыста Үкімет басшысы. Осы орайда Премьер-Министр Вице-Премьер-Индустрия және жаңа технологиялар мнистрі Әсет Исекешевке, «Самұрық-Қазына» қорына және Алматы облысының әкіміне аталмыш уағдаластықты тездетіп іске асыруды жүктеді. «Мен тамыз айының соңында Алматы облысына барамын, сонда осы және басқа да мәселелерді талқылаймыз», деді ол.