«Мемлекет басшысы сізге үлкен сенім артып отыр. Сіз Әсет Өрентайұлының бастаған атқарымдарын жалғастырып, жаңа, тың идеяларды енгізіп, саланы абыроймен алып жүресіз деген сенімдемін. Жаңа жұмыс орнында сәттілік тілеймін», - деді К.Мәсімов министрге айтқан сөзінде.
Өз кезегінде, Ж.Қасымбек Президенттің зор сенімін ақтау үшін бар күш-жігерін салатынына сендірді.
Премьер-Министр сондай-ақ ведомствоның бұрынғы басшысы Әсет Исекешевке Мемлекет басшысының алға қойған міндеттерін жүзеге асыру бойынша Үкіметтегі нәтижелі жұмысы үшін алғыс білдіріп. оның тәжірибесі жаңа қызметте де сұранысқа ие болатынын сеніммен айтты.